Қазақстандық ауыр атлеттер Беларусьте лицензиялық турнирде бақ сынайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық ауыр атлеттер Гроднода «Alexander Cup» халықаралық турниріне қатысады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Беларусь Республикасының Гродно қаласында ауыр атлетикадан «Alexander Cup» (Александр кубогы) халықаралық турнирі басталады. 1-5 қараша аралығында өтетін жарыс 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу шарасы саналады.

СССР-дың еңбек сіңірген спорт шебері (1987), екі дүркін Олимпиада чемпионы (1988 және 1992) және әлемнің төрт дүркін чемпионы Курлович Александр Николаевич атындағы турнирге 300-ге жуық спортшы қатысады.

Халықаралық біріншілікте Қазақстанның намысын мына атлеттер қорғайды:

Нижат Рахимов - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде

Денис Уланов - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде

Игорь Сон - 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде

Зүлфия Чиншанло - 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде

Екатерина Быкова – 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде.

Соңғы жаңалықтар