Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Албанияның Бурдеси қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Никита Абдрахманов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Н.Абдрахманов 102 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Қазақстандық ауыр атлет қоссайыс қорытындысында 369 (164+205) кг нәтиже көрсетті.

Дүниежүзілік додаға әлемнің

57 елінен 268 спортшы қатысуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтың ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар