Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Автор:  
Ғайсағали Сейтақ

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды Фото: instagram.com/wf_rk

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Нұрдос Сабыр жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық ауыр атлет 89 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.

Қоссайыс қорытындысында Нұрдос 321 келіні (145+176) бағындырып, күміске ие болды. Ол жұлқа көтеруде жеңімпаз атанса, серпе көтеруде 2-орыннан көрінді.

Барлығы 57 елден 268 ауыр атлет қатысып жатқан әлем біріншілігінде бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 73 келіге дейінгі салмақта (137+168) 305 кг нәтижемен чемпион атанған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Таисия Алексееваның күміс алғанын жазған болатынбыз.


photo
photo
photo
photo




Серіктестер жаңалықтары