Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.56 EUR 424.44
RUB 5.91 CNY 56.36
Jańalyqtar

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

2018 жылғы 6 қараша 23:12 800
Бөлісіңіз:
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ашхабадта ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Надежда Лихачева қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыр атлет Арли Чонтей Азия чемпионатында жүлдегер атанды Қарағандылық спортшы ауыр атлетика бойынша 7 рекорд орнатты

Н.Лихачева 71 кг салмақта қоссайыс қорытындысында 242 кг (112+130) нәтиже көрсетіп, үздік үштікті түйіндеді.

Бұл салмақта қытайлық Ван Ли Чжан әлем рекордын жаңартып, 267 кг (115-152) көрсеткішпен алтын медальді жеңіп алды. Мысырлық Сара Ахмед 252 келімен (111+141) екінші орында.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Мельников 23 жасар Н.Лихачеваның осынау табысын еселей түсе алатын мүмкіндігі бар екенін жеткізді. 71 кг олимпиада бағдарламасына енбейді. Сондықтан Надежданы Токио олимпиадасына 64 кг салмақта дайындау көзделуде.

Айта кетейік, бұл - Қазақстан құрамасының Ашхабадтағы екінші медалі. Бұған дейін Арли Чонтей 55 кг салмақта күміс жүлдені еншілеген болатын.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT