Қазақстандық әуе компаниясына Еуропа кеңістігінде ұшуға рұқсат етілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Азаматтық авиация комитеті Еуропаның әуе кеңістігіне 4-ші қазақстандық әуе компаниясының рұқсат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Тағы да бір қазақстандық әуе компаниясының Еурокомиссияның аккредитациясынан өткенін қуана хабарлаймыз. «Comlux-kz» әуе компаниясы Еуро комиссияның ТСО (Third Country Operators-түпнұсқада-ред) аккердитациясынан өтіп, Еуропа әуе кеңістігінде ұшуға рұқсат алды. Бұл - Еуроодақ елдеріне ұша алатын 4-ші қазақстандық компания. Бұған дейін, «Эйр Астана», «Прайм», «Қазэйрджет» компаниялары еуроодақтың әуе кеңістігінде ұшуға рұқсат алған», - деп жазды «Comlux-kz» компаниясының ұжымын құттықтаған Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Фейсбуктағы жеке парақшасында.

ТСО - Еуропа елдеріне ұшу үшін 2014 жылы енгізілген шетел әуе компанияларына жүргізілетін арнайы аккредитациялық үдеріс.

Айта кетейік, «Comlux-kz» әуе компаниясы жеке ұшақтарға басшылық жасап, VIP чартерлік рейстерін орындайды. Компанияда Қазақстанда тіркелген 4 ұшақ бар. 2008 жылы құрылған. 2017 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путин Алматыда аталған команияның Ресейде құралған бизнес-джет ұшағымен танысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар