Қазақстандық әуе компаниясы Ресей бағытындағы рейсті тоқтатты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - QAZAQ AIR әуе компаниясы 26-29 наурыз аралығында Астана – Новосібір, Өскемен – Новосібір бағыттарындағы рейстерін тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпарат әуе компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының халықаралық тұрақты ұшударды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстердің уақытша тоқтатылды. Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін [email protected] поштасына жолдау қажет», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар