Қазақстандық әуе компанияларын тексеру қашан аяқталады
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірінші жартыжылдықта тұрақты жолаушы тасымалымен айналысатын барлық авиакомпанияларды тексеру аяқталады. Жаңа реттеу моделіне сәйкес қауіпсіздікті арттыру жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ, «Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ-ын білікті мамандармен толықтыру аяқталады және инспекторлар қажетті оқытудан өтеді. Осы жылы АҚШ-қа ұшу үшін FAA (АҚШ азаматтық авиациясының федералды басқармасы) аудитінен өтуіміз керек», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев.
Жалпы алғанда, азаматтық авиация саласында негізгі көрсеткіштердің динамикасы тұрақты өсім көрсетуде. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 8,6 млн жолаушы тасымалданған. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% көп.
ҚР әуежайларында қызмет көрсетілген жолаушылар саны - 17,7 млн.