Қазақстандық әуе компания Қытайдан Украинаға гуманитарлық жүк жеткізді

None
None
КИЕВ. ҚазАқпарат – Қазақстандық әуе компания Қытайдан Украинаға гуманитарлық жүк жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гуманитарлық жүк жеткізу жұмысын «SCAT» әуе компаниясы орындады.

«Украиналық тараптың өтінішімен әрі Украинадағы Қазақстан Елшілігінің күш салуымен 29 наурызда қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы коронавирус эпидемиясымен күресу мақсатында ҚХР-дан Украинаға гуманитарлық жүк жеткізді. Атап айтқанда, жүк арқылы Украинаға қорғаныс костюмдері, медициналық маскалар мен сақтыққа арналған өзге де құралдар тасымалданды. «SCAT» әуе компаниясы «гуманитарлық» рейстерді орындау жұмысын жалғастыра береді», - деп хабарлайды Елшіліктен.

Соңғы жаңалықтар