Қазақстандық Атырау мен франциялық Марсель бауырлас қалалар болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстандық Атырау мен франциялық Марсель бауырлас қалалар болды.

«Қазақстан ынтымақтастық құру үшін әлеуетті әрі өте тартымды серіктес болып табылады. Марсель мен Атыраудың ортақ дүниелері көп. Атырауда сияқты, Францияның кемежай қаласында да мұнай өндейтінғ химия зауыттары, балық өнеркәсібі және фармацевтика дамып жатыр. Бұдан басқа, біз туризмді дамытуды ұсынып отырмыз. Франциялық тарап үшін де, қазақстандық тарапқа да тиімді болатын жалпы мүдделерді табатынымызға үміттенемін», - деп айтты Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кездесу барысында Францияның Алматыдағы бас консулы Патрик Ренар.

«Мұнай-газ салаларынан басқа бізде Еуропаның төрт еліне өз өнімін жеткізетін балық өнеркәсібі де дамыған, агроөнеркәсіптік кешен экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін өсірумен айналысуда. Сондай-ақ дәрі-дәрмектің 50-ден астам түрін шығаруды қарастырған фармацевтикалық кәсіпорынды салу жобасын іске асырылуда. Бұл жобаны Чехиямен бірлесіп іске асырып отырмыз. Францияға келетін болсақ, бүгінде Атырау облысында франциялық инвестициялардың қатысуымен төрт кәсіпорын жұмыс істеп жүр», - деді Б.Ізмұхамбетов. Әкім Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Францияда қазақстандық студенттердің көп саны білім алып жүргенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар