Қазақстандық атлет Польшадағы халықаралық турнирде «күміс» еншіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшада жеңіп атлетикадан Веслав Манякты еске алуға арналған ірі халықаралық турнир өтті. Аталған сында Михаил Литвин күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Литвин 400 метрге жүгіруден екінші орын иеленді. Ол 46.21 секундта аталған қашықтықты жүгіріп өткен. Бірінші орында - Ұлыбритания өкілі Юсиф Раба (45.98). Ал үшінші орынды Дариуш Ковалюк (Польша) еншіледі. Айта кетелік, Литвин енді 18 тамыз күні Люксембургте өтетін халықаралық сынға қатысады.

Соңғы жаңалықтар