Қазақстандық атлет халықаралық турнирде топ жарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турниріне қатысуда. Біздің құрамадан Мария Овчинникова көзге түсті деп хабарлайды Olympic.kz.

Овчинникова үш қарғып секіруден жеңімпаз атанды. Ол 13.19 метрге секіріп, 2019 жылғы Азия чемпионы, тайландтық Паринью Чуаймароенгті артта қалдырды.

Айта кетелік, Қазақстан сапынан Иван Иванов (ядро лақтыру), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) және Полина Иванова (сырықпен секіру) жарыс жолына шығады.

Соңғы жаңалықтар