Қазақстандық атлет Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы Кувейтте 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы алтын медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Федерацияның ресми парақшасында хабарланғандай, ел қоржынына бас жүлдені бірінші болып Сабрина Арзиева сыйлады.

Нақтырақ айтсақ, Арзиева спорттық жаяу жүрісте 5000 метрге жарысудан алдына жан салмады.

Ол аталған қашықтықты 27:35.44 көрсеткішімен бағындырды. Бұл - қазақстандық атлеттің құрлықтық жарыстардағы жеңіп алған алғашқы ірі жүлдесі.

Кувейттегі Әл-Рашадан стадионында өтіп жатқан Азия чемпионатында 33 мемлекеттен келген 400-ден аса жеңіл атлет сынға түсіп жатыр.

Олардың қатарында 27 қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

Бүгін, яғни 13 қазанда алауы тұтанған Азия чемпионаты 16 қазан күні мәресіне жетеді.

Қазақстан Ұлттық құрамасы:

1. Данил Попов - 100 метр, 200 метр, эстафета

2. Иван Тетерин - 100 метр, 200 метр, эстафета

3. Никита Петяхин - 400 метр, эстафета

4. Игнатий Вагенлейтнер - 800 метр

5. Айбол Омар - 1500 метр

6. Ринат Кулыгин- 2000 м кедергілермен

7. Канагат Манаш – барьермен 400 метр

8. Дарын Токай - биікке секіру

9. Максим Балабин – сырықпен секіру

10. Иван Сенинг - онсайыс

11. Мади Токенов - 400 метр

12. Маман Нурдаулет – найза лақтыру

13. Лидия Сафонова - 100 метр, эстафета

14. Мария Шувалова - 100 метр, 200 метр

15. Арина Гладышева - 3000 метр

16. Аружан Алтыбай - 2000 метр кедергімен жүгіру

17. Кристина Ермола - барьермен 100 метр

18. Анастасия Колода - барьермен 400 метр

19. Екатерина Колода - барьермен 400 метр

20. Фаина Меирманова – биіктікке секіру

21. Эльмира Кабирова – сырықпен секіру

22. Арина Марченко - сырықпен секіру

23. Диляра Хайбуллина – ұзындыққа секіру, үш аттап секіру

24. Ольга Овсекова – үш аттап секіру

25. Алина Чистякова - жетісайыс, ұзындыққа секіру

26. Анастасия Цвиркунова - жетісайыс

27. Сабрина Арзиева – спорттық жүріс.


Фото: instagram.com/qazathletics




Соңғы жаңалықтар