Қазақстандық әскерилер танк биатлонының жартылай финалына өтті

Фото: None
МӘСКЕУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында өтіп жатқан «Танк биатлоны» конкурсының бірінші кезеңі аяқталды. Командалық есепте Қазақстан жартылай финалға шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Үшінші қазақстандық танк экипажы өз тобындағы жекежарыста кедергілерді 22 минут 39 секундта еңсерді. Сайыс нәтижелері бойынша,Қазақстан құрамасының үш экипажының жалпы уақыты 1 сағат 6 минут 42 секундтықұрады.

Жарыс қорытындысына сәйкес, Ресей, Қытай, Беларусь,Қазақстан, Моңғолия, Әзербайжан,Венесуэла және Сириядан келген сегіз команда жартылай финалға шықты.

Жартылай финалдағы жеребе нәтижесінде Қазақстанқұрамасы Қытай, Әзербайжанжәне Сирия командаларымен бірге кіші топта сайысқа түседі.

«Эстафетаның» жартылай финалында экипаждар нәтижесіолардың табиғи және жасанды кедергілерден өту, атыс алаңдарында жауынгерліксоққылар жасау уақытына байланысты анықталады.

«Эстафетада» әр елден келген үш танк экипажы біртанктік құрамда жарысқа түседі.Әр экипаж 4 айналымнан өтіп, кедергілерді еңсеріп, нысанаға оқ атады.

Соңғы жаңалықтар