Қазақстандық әскерилер парадқа қатысу үшін Мәскеуге келді

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстандық әскери қызметшілер парадқа қатысу үшін Мәскеуге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Дәулет Оспанов бастаған Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдаушы әскери қызметшілерінің салтанатты есебі Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Ресейге келді.

Жақында парадқа қатысушылары мінген ұшақ Мәскеу маңындағы «Чкаловский» әскери әуе айлағына қонды.


«Дайындық кезінде қазақстандық әскери қызметшілер «Звенигородский» әскери шипажайында тұрады. Парадқа қатысатындар жергілікті адамдармен қарым-қатынасты жасамау үшін жаттығудан басқа уақытта аумақтан шығуға тыйым салынады.

Әскери қызметшілер Мәскеуге кетер алдында коронавирусқа ПТР тест тапсырды. О лар әр үш күн сайын коронавирусқа қатысты ПТР тест тапсырады», делінген хабарламада.

Дайындық алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін орындай отыра, карантин шараларын қатаң сақтау арқылы жүзеге асырылады.


Атап айтқанда: тәулігіне екі рет медициналық тексеру, нысандарды санитарлық өңдеу және желдету, әскери қызметшілерді қажетті дезинфекциялау және медициналық жеке қорғаныс құралымен қамтамасыз ету.

Жаттығулар Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында өтеді. Жалпы парад есебіндегі қазақстандық әскери қызметшілердің бірінші жаттығуы 15 маусымға жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар