+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандық әскерилер НАТО-ның штаб-пәтеріне барады

2015 жылғы 6 сәуір 15:28
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әскери қызметшілер Брюссель қаласындағы НАТО-ның штаб-пәтеріне барып қайтпақ. Алдағы сапардың мақсаты «Болжау жасау және талдау үдерісі» бағдарламасы аясында еліміздегі алдағы іс-қимыл барысын талқылайтын болады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Жуырда Астанада НАТО мен ҚР Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және ҚР Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің арасындағы келіссөздер аяқталды. Аталған бағдарлама аясындағы Қазақстанның қорғаныс ведоствалары өткізген барлық жұмысты зерттей отырып НАТО мамандары «Қазбригтің» бітімгерлік даярлығының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері әскери институтының «Бейбітшілік үшін серіктестік» Оқу орталығының әскери қызметшілер мен ел серіктестерімен ұдайы өткізетін тілдік және бітімгерлік даярлығының дұрыс екінін атап өтті», - делінген баспасөз баянында.

Айта кетерлігі, Қазақстан 2002 жылдан бері «Болжам жасау және талдау үдерісі» бағдарламасына қатысып келеді. Бағдарлама халықаралық деңгейдегі жаттығулар, оқу-жаттығулар мен операцияларды, сонымен қатар бейбітшілікті қолдау бойынша операциялар өткізу үшін жеке мемлекеттерде бар күштер мен құралдарды бағалауға бағытталды.

ҚР Қорғаныс министрлігі үшін бағдарламаға 33 мақсат белгіленді. Солардың ішінде НАТО стандарты бойынша бітімгерлік контингентін даярлау және жабдықтау, әскери қызметшілердің тілдік даярлығы, штабтық офицерлерді оқыту, қалалық жай-күйлергежалпы әскери операцияларды енгізу, дағдарыс оқиғаларының әсер ету мәселелері және тағы басқалары бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT