Қазақстандық әскерилер көліктерді қардан бронетранспортермен шығарып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қазақстандық әскери қызметкерлер табиғат апатының салдарын жоюға үлес қосып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан – Павлодар, Нұр-Сұлтан – Көкшетау және Нұр-Сұлтан – Атбасар бағытындағы жолдарды тазалап, құтқару жұмысына қатысатын үш әскери топ құрылды.

Әр топта жеке құрамдағы тоғыз адам бар. Жалпы 28 әскери қызметкер мен 9 техника жұмылдырылды: екі бронетранспортер және 1 жеңіл бронетранспортер бар.

Еске сала кетсек, ауа райының нашарлап кетуіне байланысты ҚР аумағы қиын жағдайда қалды. 27 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай жарияланды. Жел мен боранның күшеюіне байланысты еліміздің аймақтарында алты жедел штаб құрылды.


Медет Ахметов


Соңғы жаңалықтар