Қазақстандық әскерилер қалаға шабуыл жасалған жағдайдағы дайындығын пысықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында орналасқан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында елді мекенге шабуыл жасалған кездегі іс-әрекеттер пысықталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елді мекенге шабуылдау кезіндегі батальондық тактикалық топ» тақырыбындағы шара барысында жалпыәскери және десанттық-шабуылдау бригадаларының командирлерімен көрсетпелі әдістемелік-нұсқаулық сабақтар өтті.

Сабақтардың басты мақсаты шабуылдау жасағының құрамы мен ықтимал тапсырмаларын жеткізу, командирлердің елді мекенге шабуылдауға бөлімшенің дайындығы жөнінде жұмыс ерекшеліктерін ұғынуы және шабуылдау жасау кезінде жеке құрам мен әскери техниканың іс-қимылдарын көрсету болды.

Сабақтар барысында шабуылдау жасағының құрамын таңдау және елді мекенді барлау жөніндегі мәселелер қаралды. Сондай-ақ елді мекенге шабуылдау жасау кезінде батальондық тактикалық топ жеке құрамы мен әскери техникасының практикалық іс-қимылдары пысықталды.

«Батыс» Өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіровтің айтуынша, бүгінгі әскери қақтығыстардың сипаты мен урбанизацияланудың жоғары деңгейі болашақта жауынгерлік іс-қимылдар көбінесе қалалық жерлерде өтетінін ұғындырып отыр.

Соңғы жаңалықтар