13:28, 13 Қыркүйек 2021 | GMT +6
Қазақстандық әскерилер «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына қатысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер – Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен «Бейбіт миссия – 2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл оқу-жаттығу Ресей Федерациясының Орынбор облысында өтеді.
Оған Қазақстан Қарулы Күштерінен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы, әскери-әуе күштерінің Су-25 ұшақтары қатысады.
Оқу-жаттығу аясында ШЫҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен операцияға дайындалу және оны өткізу мәселелерін пысықтайды.
Бұл «Бейбіт миссия» 2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізу туралы келісім аясында 2 жылда бір рет өткізіледі.