+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қазақстандық әскерилер әлем кубогында жүлдегер атанды

2019 жылғы 22 қазан 14:24
Бөлісіңіз:
Қазақстандық әскерилер әлем кубогында жүлдегер атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық әскерилер командасы әлем кубогында қоян-қолтық ұрыстан «қола» медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
13 қараша - Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің күні Қорғаныс министрлігінің офицерлері Аягөз гарнизонының басшылығына әдістемелік көмек көрсетті Қарулы күштер әскери барлаушылар күнін атап өтті

Лейпциг қаласында қоян-қолтық күрестен әлем кубогы аяқталды. Халықаралық турнирге 26 команда және 200-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстандық әскери спортшылар «Өзін-өзі қорғау» бойынша айрықша көзге түсті. Бірінші турда бірінші орынға ие болған - Бауыржан Сыздықбаев (90 келі), Әділ Қайырбаев (80 келіге дейін) және Мақсат Бекмұханбетов (80 келіден аса) екінші орын алса, Серік Қайнарбаев (90 келі) және Қанат Баймұрзин (80 келіден аса) үшінші орынды қанағат тұтты.

Екінші турда қазақстандық қоян-қолтық спортының өкілдері Жандос Асқарбекұлы (80 келі), Айбек Сәметаев (85 келі) және Жеңіс Ердаулет (90келіден аса), сонымен қатар Асхат Жылысбеков (60 келі), Нұртас Жұмағазыұлы және Ермек Керімшеев (90 келі) лайықты өнер көрсетіп, көсбасшылар үштігіне енді.

Қазақстан құрама командасы командалар арасындағы жалпы есепте үшінші орынды иеленіп, тек Ресей және Өзбекстан командаларына ғана жол берді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT