Қазақстандық әскери ұшқыштар қысқа дайындалып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әуе қорғанысы күштері әскери институтының ұшақтар мен тікұшақтар паркі қысқы кезеңге дайындалуда. Әскери институттағы «Ақтөбе» және «Хлебодаровка» авиациялық техника мен аэродромдар күзгі-қысқы кезеңге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс минитсрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Авиациялық техника басқа техникалар сынды жылдың суық мезгілінде пайдалануда алдын ала дайындықты қажет етеді. Күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеу және пайдалануға дайындау жұмыстары суық басталғанға дейін жүргізіледі. Мұнда тек оқу-өндірістік базасы мен жердегі қызмет көрсету құралдарын дайындау ісі авиациялық техникадағы тренаждарды әзірлеу жоспарлы регламенттік жұмыстарымен ұштастырылады.

«Суық күндер басталғанша авиация мамандары Әуе қорғанысы күштері әскери институтының авиациялық паркіндегі ұшақтар мен тікұшақтарды дайындауы тиіс. Бір әуе кемесін қысқа дайындау жұмыстары жеті күнге дейін созылады, оның ішінде қозғалтқыштардың, бәсеңдеткіштердің майын ауыстыру бойынша монтаждау және бөлшектеу жұмыстары жүргізіледі, радиоэлектрондық жабдықтар тексеріледі, сондай-ақ арқан тарту және тағы да басқа жұмыстар орындалады» - дейді аға инженер-әдіскер, подполковник Нұркен Жұмашев.

Оның айтуынша, мұнда кабина шынысының резеңке тығыздауышына, амортизациялық тіректерге, күштік цилиндрлерге және жүйелердегі басқа да қосылыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Электрлік, радиотехникалық және навигациялық жабдықтар, сондай-ақ өртке қарсы жүйе өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

Қысқы кезеңге авиациялық техниканы ғана емес, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының оқу-авиациялық орталығының ұшу-нұсқаушы құрамын да дайындайды. Ал күзгі-қысқы кезеңдегі дайындықты барлық авиациялық персонал міндетті түрде өтеді. Ұшқыштар сынақтарды тапсырып, қиын метеорологиялық жағдайларда, күндіз және түнде, нөлдік көріну жағдайында ұшады.

Тікұшақтарда күзгі-қысқы кезеңдегі практикалық даярлығында жердегі және ауадағы авариялық жағдайлар бойынша, аспаптар арқылы ұшу және қону, «екінші айналымға» кету, «тікұшақты күрделі жағдайдан шығару» пысықталады. Сондай-ақ күн сайын іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету бойынша кезекшілік атқарылады.

Соңғы жаңалықтар