Қазақстандық әскери спортшы панкратионнан әлем чемпионы атанды

None
None
РИМ. ҚазАқпарат - Римдегі FEDERBOCCE спорт кешенінде панкратионнан әлем чемпионаты өтті. Бәсекеде ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Сәбит Жүсіпов 65 келі салмақ дәрежесінде чемпион белдігін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Финалдағы жекпе-жекте әскери спортшы 2018 жылғы әлем чемпионы ресейлік Магомед Абдуллаевті сенімді түрде жеңді. Сайыста 200-ден астам спортшы бақ сынады.

«Панкратион – бұл қайта шыға бастаған спорт түрі. Ол еркін, грек-римдік күрес, самбо, дзюдо, бокс және басқада жекпе-жектің техникалық қимылдарын қолдануға рұқсат етілетін, ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектің түп-тамыры болып саналады» - деді Қоян-қолтық ұрыс бойынша АОСК команданың бастығы майор Мұрат Бижанов.

Соңғы жаңалықтар