Қазақстандық әскери қызметшілер әлемдегі ең мықтылардың бірі - Бас қолбасшы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы, генерал-майор Марат Құсайынов Қазақстан аумағында өткен 2019 жылғы 5-ші Халықаралық Армия ойындарын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Біз Қазақстан Республикасының аумағында өткен төртінші әскери ойындарды аяқтадық. Бір апта ішінде қатысқан бөлімшелер өздерінің қабілеттерін, шеберліктерін, жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Жалпы, ел аумағында 4 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан бұл жарыстар, ең алдымен, Қазақстан және басқа мемлекеттердің әскери қызметшілерінің жауынгерлік қабілеттері мен дағдыларын арттыруға көмектеседі. Бұл армия ойындары жеке құрамды дамытуға, әскери әдістерді жетілдіруге, жауынгерлік операцияларды жүргізуге, іс-қимыл тактикасы, қарулану кезіндегі іс-әрекеттер, сондай-ақ логикалық ойлау, төтенше жағдайлар кезінде жедел шешім қабылдау тұрғысынан әскери шеберлік процестерін дамытуға ықпал етеді. Қазақстан 32 сайыстың 16-на қатысады. Бүгінгі таңда олардың 13-і аяқталды. Бізде 3 бірінші, 2 екінші, 7 үшінші орын бар. Біздің әскери қызметшілер тағы үш сайысқа қатысып жатыр. Олар алдағы үш күнде аяқталады. 17 тамызда командалық нәтижелер шығарылады. Қазақстан қатысып жатқан 39 елдің ішінде жеңімпаздар қатарында болады деп сенемін. Біздің әскери қызметшілер әлемдегі ең үздіктердің қатарына жатады, біз бұны мақтан тұтамыз және болашақта қазақстандық әскер бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенімдіміз. Біз барымызды саламыз»,- деді Марат Құсайнов.

Бүгін Жамбыл облысындағы «Отар» 40-шы әскери базасында Халықаралық Армия ойындары аяқталды. Үш сайыста да қазақстандықтар үздік атанды.


Соңғы жаңалықтар