Қазақстандық Аружан Сағындықова әлемдегі үздік 70 жас теннисшінің қатарына кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Аружан Сағындықова әлемдегі үздік 70 жас теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 18 жасқа дейінгілер арасында бүгін жаңартылған ITF рейтингісінде Максим Батютенко 81-ден 78-орынға көтерілді.

Ислам Орынбасар – 199 (-1), Даниил Фелькер – 236 (-4), Даниал Рахматуллаев 239-сатыда (-5) тұрса, Әмір Омарханов 424-тен 418-ге жоғарылады.

Қыздар арасында Аружан Сағындықова 82-ден 70-орынға бір-ақ шықты. Сандуғаш Кенжебаева – 108 (+11), Дана Байдәулет – 161 (-1), Жанель Рүстемова – 162 (+3), Еркежан Арыстанбекова – 212 (-3), Айя Нұпбай – 301 (+14), Асылжан Арыстанбекова – 376 (+41), Іңкәр Дүйсебай 421-сатыға (+13) жайғасты.

Сондай-ақ 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe қауымдастығы рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы төртінші, чемпиондық кестеде бесінші орында келеді. Дамир Жалғасбай – 44 (-1), Даниэль Тазабеков – 59 (-4), Родион Лукашов – 191 (+17), Михаил Мищенко – 234 (+14), Дамир Дүйсенғазин – 257 (-9), Арсений Требухин 293-сатыда (+26) тұр.

Қыздар арасында Софья Исакова 108-орынға жайғасса, ақтөбелік Ева Корышева бірден 151-ге (+72) аспандады. Ариана Гогулина – 321 (-8), Яна Ким – 366 (+36), Сәтима Төреген 381-орыннан көрінді.

16 жасқа дейінгілер арасында Шәкен Мансұр – 118 (+12), Демид Горбачев – 152 (+23), Артем Сидоров 189-сатыға (+2) шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын, Александр Бубликтік Истборн жарысының екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Истборн турнирінің үшінші айналымына шықты.



Соңғы жаңалықтар