+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Қазақстандық Артем Резников танымал шешен спортшысын жеңді

2020 жылғы 20 қыркүйек 14:00
Бөлісіңіз:
Қазақстандық Артем Резников танымал шешен спортшысын жеңді

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеуде аралас жекпе-жектен АСА 111 турнирі өтіп жатыр. Жекпе-жектің негізгі оқиғаларының бірі ретінде қазақстандық Артем Резников (21-6) пен ресейлік Юсуф Раисов (16-1) бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Grand Slam: Ғұсман Қырғызбаев әлемдік жарыста 7-ші болды Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустриядағы Линц турниріне қатысады Бекшин алматылықтарды той жасамауға шақырды

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Резников жеңіске жетті.

Осылайша, Артем кәсіпқой мансабындағы 22-жеңісін тойласа, Юсуф Раисов үшін бұл екінші жеңілісі болды.

Айта кетсек, Раисов жартылай жеңіл салмақтағы АСВ чемпионы болатын. Резников осымен сегізінші рет қатарынан жеңіске жетті. Қазақстандық соңғы рет 2017 жылдың мамырында жеңілген болатын. Ресейлікке келер болсақ, бұл жекпе-жекке дейін ол 2016 жылдың желтоқсанынан бері ешкімнен жеңілмеген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT