Қазақстандық әріптестерден үйренеріміз көп – Өзбекстан сайлау комиссиясының төрағасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстан орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамхожаев Қазақстанда өтіп жатқан референдумға баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша талқылау болды. Онда Орталық сайлау комиссиясы өте жақсы жұмыс атқарғанын атап өттік. Бұл - ең алдымен ұйымдастыру жұмыстары. Референдум өткізуге қысқа уақытта 10 012 учаске жұмысы ұйымдастырылды. Бұған дейін де сайлауға қатысқан болатынбыз. Қазақстаннан үйренуге де, тәжірибе алуға да болатын тұстар бар. Қазақстандық әріптестерден үйренетін дүние көп», - деді З. Низамхожаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Өзбекстан өкілі еліміздегі референдум учаскелеріндегі кей жұмыс цифрландырылғанын айрықша атап өтті.

«Цифрландыру жұмысын жеке атап өтуге болады. Бұл дауыс берушілердің ақпарат алуына жаңа мүмкіндік беріп, қолайлы жағдай жасады. Бұл - өте жағымды тәжірибе. Осы бағытты Қазақстаннан үйренуге болады. Тағы бір қуантқан жағдай, референдум комиссияларының мүшелері өте жоғары кәсіби деңгейде әр мәселені шешіп, туындаған сұрақтарға жауап беріп жатыр. Жалпы халыққа өзінің конституциялық құқығын пайдалана алуына барлық жағдай жасалды. Заң талабына сай жағдай жасалған», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар