Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері ресейлік қарсыласын ерекше әдіспен жеңді

None
None
КАЗАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері ресейлік қарсыласына сирек кездесетін ауырту әдісін қолданып, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ерсұлтан Шәкенбай ресейлік қарсыласы Мухаммадамин Мукумовты (Сулоев деген атпен танымал) ММА спортында сирек қолданылатын әдіспен жеңді. Бұл әдіс тізені ауырту арқылы қолданылады.

Жекпе-жек ММА бойынша Қазан қаласында Еуропа чемпионатының жартылай финалында өтті (52,2 келіге дейінгі салмақта).


Соңғы жаңалықтар