Қазақстандық әншілер Головкинге арнап клип түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық шоу-бизнестің жұлдыздары боксшы Геннадий Головкинге қолдау ретінде орысша ән шығарып, клип түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Әнді Данияр Әбдрахманов, Марсель, Олжас Сүлейменовтер мен Сырымтай Еңсепов шырқайды. Оның сөзін Нұрлан Нұрпейісов, сазын Данияр Әбдрахманов жазды. Клипте боксшының бұған дейінгі жекпе-жектері және соңғы айқасқа дайындығының видеолары қолданылған.

Еске сала кетсек, ертең Головкин «Канело» Альвареске қарсы шығады. Матч-реванш Лас-Вегасте өткізіледі. Айқаста чемпиона мира в среднем весе по версиям WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титул иегері анықталады. Сондай-ақ жеңімпазға The Ring журналының белбеуі мен WBC арнайы белбеуі беріледі.

Соңғы жаңалықтар