Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов «Славян базары-2015» байқауының Гран-приін иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Витебск-2015» XXIV эстрада әндерін орындаудың халықаралық байқауының Гран-приін қазақстандық иеленді.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бүгін Жазғы амфитеатр сахнасында бас жүлдені және арнайы «Лира» сыйлығына ие болды. Бұл туралы БЕЛТА тілшісі «Витебсктегі Славян базары» XXIV халықаралық сайысының жабылу салтанаты рәсімінен хабарлады.

Димаш Құдайберген екі күннің қорытындысы бойынша ең жоғары балл - 175 балл жинады. Сондай-ақ оның жерлесі қазақстандық Луиза Нұрқуатова да «Витебск-2015» балалар байқауының Гран-при жүлдесін алды.

Мерекелік шараға қатысқан Беларусь президенті А. Лукашенко өз сөзінде барлық сайысқа қатысушыларға витебск сахнасы болашақтарына жарқын жол ашатын баспалдақ болуын тіледі.

«Бұндай сайыста жеңіске жету болашаққа деген зор талпыныстың белгісі. Сайыс барысында адам тек өзінің дарынын ғана емес, мінезін де көрсетеді», - деді А. Лукашенко.

Бірінші жүлде (15 мың АҚШ доллары) мен арнайы сыйлық беларусьтік Валерия Грибусоваға табысталды. Екінші орынға «10 мың АҚШ доллары) Болгариядан келген Николай Манолов ие болды. Украиналық Анна Твердоступ үшінші орынға (5 мың АҚШ доллары) лайық деп танылды.

Ал Димаш Құдайбергенге 20 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Шараның салтанатты жабылу рәсімінде қазақстандық әнші тағы бір рет өнерімен витебсктік тыңдармандарын тәнті етті.

Соңғы жаңалықтар