Қазақстандық әлеуметтанушылар Астанада бас қосады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27-28 қыркүйек күндері Астанада елорданың 20 жылдығына арналған VI Қазақстан әлеуметтанушылар конгресі өтеді. Бұл туралы ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында хабарланды.

Іс-шараны ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен «Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда.

Конгреске ғылыми-академиялық және сараптама-аналитикалық қоғамдастық өкілдері, АҚШ, Жапония, Түркия, Ресей, БАӘ және басқа да мемлекеттердің сарапшылары, ҚР Парламенті депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Конгреске Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығы (ХӘҚ) вице-президенті, әлеуметтану докторы, Рио-де-Жанейро федеральдық университетінің профессоры (Бразилия), ХӘҚ Current Sociology журналының редакторы Элоиза Мартин қонақ болады. 

Соңғы жаңалықтар