Қазақстандық альпинистер Антарктиданың биік шыңына мемлекеттік туды тікті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің тарихында алғаш рет Тәуелсіздік күні мемлекеттік туымыз Антарктиданың ең биік нүктесі- Винсон шыңына (4892 м) орнатылды. Полярлық экспедиция қатысушылары - белгілі альпинистер Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков ауа райының өзгерістеріне байланысты кестеге енгізілген түзетулерге қарамастан, Винсон шыңына шықты. Шыңды алар алдында тұман мен қардың тоқтағанын альпинистер бірнеше тәулік бойы төменгі лагерде күтіп отырды.

null
Алматы қ. Qazaq Geography өңірлік өкілдігінің басшысы, экспедиция тобының жетекшісі Мағжан Сағымбаев: «Осы таудың басына шығу үшін біз жарты жыл бойы саналы түрде бар күшімізді салып дайындалдық. Жоғары  қарай көтеріңкі көңіл-күйде көтерілдік. Өзің үшін тауға шыққаның бір бөлек, ал  елің үшін жасаған әрекетің мүлде басқа сезім тудырады» дейді.

Экспедиция қатысушысы Ілияс Ғалымбеков былай дейді: «Ауа райы жағдайына байланысты тауға шығу оңай болған жоқ. Қазір Винсон шыңында тұрып, бәріне де төзіп, соңына дейін жете алғанымыз үшін серіктесіме және өзіме ризамын. Осы уақыт бойы бізді қолдап келген барлық адамдарға алғысымды білдіремін!»

null  

Естеріңізге сала кетсек, экспедиция екі кезеңге бөлінген.

Бүгінгі таңда бірінші кезең өз мәресіне жетті - бұл Винсон шыңына шығып, тулардың орнатылуы. Винсон шыңы өзінің географиялық орналасуына байланысты «7 summits» альпинистік бағдарламасының күрделі биіктіктерінің бірі болып саналады. Осы жылы Винсонға көтерілген алғашқы күннен бері 50-жыл толды. Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбековтің шыңды сәтті бағындырғандарының арқасында Эльбрус пен Аконкагуа секілді мәнді өрлеулердің қатарына Винсон да кірді. Екінші кезең бірнеше күннен кейін басталады. Атлеттер Мағжан Сағымбаев, Ілияс Ғалымбеков, Юрий Юшин, сонымен қатар командада дәрігер міндетін атқарып жүрген зерттеуші Дәулет Шәріпов Оңтүстік полюске қарай шаңғы экспедициясын жүріп өтеді. Спортшыларға 217 шақырымға жедел маршты жүріп өтуге тура келеді. 

null null null null  

Соңғы жаңалықтар