Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 429.83
RUB 5.96 CNY 55.39
Jańalyqtar

Қазақстандық актер Қытайда өткен кинофестивальде үздік атанды

2018 жылғы 17 маусым 22:41 855
Бөлісіңіз:
Қазақстандық актер Қытайда өткен кинофестивальде үздік атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Біздің қаланың ханзадасы» фильмінде басты рөлді сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Аралбай Қытайда өткен кинофестивальде «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кинофестиваль Циндао қаласында маусымның 13-і мен 17-і аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің кино мамандарының қатысуымен өткен.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Адигул продакшн» кинокомпаниясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Біздің қаланың ханзадасы» көркем фильмі  жалғыздықтың күйін кешіп жүрген  балалар үйінің 6 жасар тәрбиеленушісі мен қарттар үйінің ардагері арасындағы достығын баяндайды.


Қазақстандық актер Қытайда өткен кинофестивальде үздік атанды
Фильмнің режиссері әрі сценарий авторы - Қазақстанның халық артисі  Талғат Теменов («Адамдар арасындағы бөлтірік», «Қызғыш құс», «Махаббат бекеті»). Басты рөлдерді Әнуар Төлеуғажы және Төлеубек Аралбай («Жаужүрек мың бала», «Жоюшы», «Тығырықтан жол тапқан») сомдады. Сонымен қатар, фильмге Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының (Астана қаласы) актерлері түскен.


Қазақстандық актер Қытайда өткен кинофестивальде үздік атанды

Фильмнің түсірілім жұмыстары Астанада және Ақмола облысының Бурабай ауылында өткен. Картинаның тұсаукесері  2017 жылы 1 маусымда, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласында өткен болатын. Ал қазан айында еліміздің кинотеатрларынан көрсетілген. Сонымен қатар, аталмыш кинотуынды қыркүйек айында Ресейде өткен ІІ Халықаралық «Еуразиялық көпір» кинофестивалінің негізгі бағдарламасы шеңберінде көрсетілген еді.

Айта кетсек, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдері кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына 23 кинолента  қатысты, олардың арасында екі отандық картина көрсетілді. Жалпы кинофестиваль көрермендерінің назарына 60 картина ұсынды. 

ШЫҰ аясындағы кинофестивальді ҚХР мемлекеттік кинематография басқармасы мен Шаньдун провинциясының әкімшілігі ұйымдастырып отыр. 


Қазақстандық актер Қытайда өткен кинофестивальде үздік атанды

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, ШЫҰ, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT