Қазақстандық абоненттер ЕАЭО роумингінде тарифтердің төмендеуінен 2,4 млрд. теңгеге дейін үнемдей алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Беларусь елінің Брест қаласында өткен Қырғыз Республикасы, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдары басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу Алқасының мүшесінің (министрінің) кеңесінде ЕАЭО елдерінде халықаралық ұялы байланыс тарифтерін төмендету мәселесі ортаға салынды.

Бұл туралы ЕЭК-ның баспасөз қызметінен хабарлайды. Мобильдік роуминг қызметтерінің трансшекаралық нарығында өткізілген зерттеу қорытындылары Беларусь пен Ресей, Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы аймақтарында тұратын 26 миллионға жуық адамның ұялы байланыстың роумингтегі қызметінің қымбаттығы проблемасына жиі тап болатынын көрсетті.

Бәсекелестікті дамыту және халықаралық ұялы байланыс (роуминг) қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша ұсыныстар ретінде ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдары ұялы байланыс операторларына 2015 жылдың 1 қазанына дейін әділ роуминг қағидаттарын екіжақты немесе көпжақты негізде іске асыра бастауды, яғни роуминг тарифтерін ерікті төмендету процесін бастауды кеңес етті.

Сарапшылық бағалауларға сәйкес, Беларусь, Қазақстан және Ресейдің абоненттері роумингтегі тарифтерді халықаралық қоңыраулар тарифтері деңгейіне дейін түсіруден 1,5 млрд. рубльге дейін үнемдей алады, соның ішінде Беларусь абоненттері 206 млн. рубльға дейін, қазақстандық абоненттер - 690 млн. рубльға дейін, ресейлік абоненттер - 642 млн. рубльға дейін үнемдей алады. Ал мобильдік байланыс операторлары роумингтегі тарифтердің түсуінен трафиктердің өсуі есебінен шамамен 22,7 млрд. рубль табыс көре алады.

Соңғы жаңалықтар