Қазақстандық 5 боксшы WBO жаңартылған рейтингіне енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ санаты бойынша қараша айының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңартылған рейтингке 5 қазақстандық боксшы кірді.

Супер орта салмақта WBO Global титулының иегері Айдос Ербосынұлы екі сатыға жоғарылап, төртінші орыннан көрінді.

Осы салмақта өнер көрсететін тағы бір отандасымыз Әли Ахметов 15-орынға жайғасты.

Орта салмақта WBO Global титулының иегері Жәнібек Әлімханұлы (3 орын) және WBO International титуылының иегері Қанат Ислам (4 орын) рейтингтегі орынын сақтап қалды.

Бірінші орта салмақта WBO Asia-Pacific Youth титулының иегері Нұрбол Сұлтанбай 16-орыннан көрінді.


Соңғы жаңалықтар