+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Қазақстандық 400 кәсіпорынның өнімдері шетелге экспортталады

2020 жылғы 4 ақпан 17:08
Бөлісіңіз:
Қазақстандық 400 кәсіпорынның өнімдері шетелге экспортталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов отандық экспортшыларға қандай көмек көрсетілгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Халықаралық аренада қазақстандық бизнестің мүддесі қалай қорғалып жатыр Қазақстандық экспорттаушылардың 2,2 млрд теңге шығыны өтеледі Қазақстаннан шығарылған аккумуляторлар 9 елге экспортталуда

«Өкінішке қарай, бүгінгі таңда тек 400 қазақстандық компания тұрақты түрде шетелге өнімін экспорттап отыр. Бұл белсенді кәсіпорындардың (елде өңдеу өнеркәсібі саласында 15 803 кәсіпорын бар) бар-жоғы 2,5 пайызы ғана. Жаһандық сауда алаңында қазақстандық шикізаттық емес тауарлардың экспорты баяғыша төмен деңгейде», - деді Бақыт Сұлтанов министрліктің кеңейтілген отырысында.

Министрдің сөзіне сенсек, қазіргі таңда мемлекет экспортқа шыққысы келген кәсіпорындарға барынша қолдау білдіріп келеді. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-экономкикалық текетірес пен өзге елдердің санкциялық дауы қазақстандық экспорттың одан ары төмендеп кетпеуіне аз болсын септігін тигізуде.

«2019 жылы 92 экспортер кәсіпорын құны 139,9 млрд теңгелік жеңілдетілген несиемен қамтылса, тағы 74 экспортер 90 млрд теңгелік сақтандыру бойынша қолдауға ие болды. Тағы 3 млрд теңге сервистік қолдауға жұмсалды. Осының арқасында 139 экспортқа бейім кәсіпорын өзінің көліктік шығынын 4 млрд теңгеге азайтуға мүмкіндік алды. Теміржол, авиа және автотасымалдың көмегімен қазақстандық өнім Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан мен Қытайға өткізілді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT