Қазақстандық 4 таеквондошы Тайпейдегі гран-при турниріне қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Тайпейдің Таоюань қаласында таеквондодан G4 санатындағы Гран-при турнирі өтеді. Аталған сынға төрт қазақстандық спортшы қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Гран-при бәсекесінде ел намысын Жансель Дениз (67 келі), Руслан Жаппаров (80 келіден жоғары), Нұрлан Мырзабаев (80 келіге дейін) және Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейін) қорғайды.

Алғаш болып ауыр салмақтағы спортшылар  - Руслан Жаппаров пен Смайыл Дүйсебай бақ сынайды.

"Жыл сайын шамамен 5-6 Гран-при турнирі өтеді. Ал бұл жарысқа рейтингтегі алғашқы 30 спортшы ғана қатыса алады. Сондықтан, біздің құрамадан рейтингте жоғары орындарда тұрған төрт спортшы аттанды. Биыл Гран-при турнирінің финалдық кезеңі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Фуджейра қаласында өтеді. Біздің спортшыларымыз финалдық сынға өту үшін барын салады", - дейді таеквондодан ұлттық құраманың аға бапкері Батырбек Есдәулетов. 

Соңғы жаңалықтар