Қазақстандық 3D принтерлер нарықтағыдан 30 пайызға арзан болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 3D притерлердің өндірісін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Бiлiм және ғылым министрлігі жанындағы технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің директоры Дамир Егізбаев мәлiм еттi.

«ІТ саласында бізде маңызды жобалар бар. Олардың бірі 3D принтерлерді құруға байланысты және оны өткен жылдың желтоқсанында біз қолдадық. Бүгінде осы технология әлемде кеңінен тарауда, алайда тұтынушылар принтерлерге қызмет көрсетуде үлкен проблемаларға тап болуда. Елімізде осы жобаны жүзеге асырушылар сервисті де қоса жүзеге асыруды ұсынуда, яғни өндірісті, оқытуды, техникалық қызмет көрсету мен бағдарламалық қамтамасыз ету де қамтылатын болады»,-деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, отандық өнімнің бағасы нарықтағы принтерлерге қарағанда 20-30 пайызға арзан болады. Грантты ұтып алғандар энергетикада изоляциялық материалдарды өндіру үшін пайдаланылатын төрт 3D принтерді жеткізу бойынша алғашқы келісімшартын жасап үлгерген көрінеді.

Соңғы жаңалықтар