Қазақстандық 3 жас теннисші Азия рейтингісінде көш басында тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 14 жасқа дейінгілер арасында астаналық Альбина Кәкенова жылды бірінші орынмен аяқтайды.

Үздік ондыққа сондай-ақ ақтөбелік Ева Корышева (4-орын), астаналық Ариана Гогулина (8-саты) кірді.

Ал 16 жасқа дейінгілер арасында алматылық Сафина Сафиуллина мен тағы бір елордалық Темірлан Кәрім көш бастап келеді. Қыздардан алматылықтар Данайя Аманғажиева алтыншы, Полина Слепцова жетінші, Айя Нұпбай оныншы сатыға жайғасты. Бозбалалардан астаналық Вячеслав Куфельд үшінші, алматылық Тихон Сорокин сегізінші орында тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақтөбеде 18 жасқа дейінгілер арасында өткен жарыста қазақстандық теннисшілер абсолютті жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.


Фото: ktf.kz

Соңғы жаңалықтар