Қазақстандық 3 боксшы WBC рейтингінде көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесі бойынша боксшылардың мамыр айындағы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов 18-ші орында қалды. Айдос Ербосынұлы бір орын көтеріліп, 32-орынға жайғасты.

Орта салмақтағы Геннадий Головкин бірінші позициясын сақтап қалды. Мейірім Нұрсұлтанов 26-шы орыннан 24-ке көтерілді. Жәнібек Әлімханұлы 29-орыннан 26-орынға жоғарылады.

Бірінші орта дивизион өкілі Садриддин Ахмедов бұрынғыша 31-орында қалып отыр.

Бірінші жартылай орта салмақтағы боксшы Батыр Жүкембаев бұрын 18-орында болса, қазір 21-орында.

Соңғы жаңалықтар