Қазақстандық 200 бала Алакөлде демалып қайтты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының өндірістік кәсіпорындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің балалары Алакөлде демалып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, балалар экскурсиясы «Туған елге саяхат» жобасы аясында жүзеге асқан. Бастама осыдан екі жыл бұрын қолға алыныпты. Содан бері жыл сайын әр өңірден жиналған жас саяхатшылар арнайы пойызбен еліміздің түрлі жерлерінде болған.

«Олардың көбі Қазақстанның тарихи және көрікті жерлерін бірінші рет тамашалады. Саяхат бағдары бойынша балалар Астана, Байқоңыр, Түркістан, Алматы және Алакөлде болды. Биыл барлығы 600 бала қамтылды», - делінген ведомствоның мәліметінде.

Ал Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі көлге келген 200 бала суға шомылып, уақыттарын қызықты өткізгенін жеткізді. Және 200 баланың суға түсу қауіпсіздігін арнайы мамандар қадағалаған. 

Әкімдіктің мәліметінше, биыл Алматы облысындағы Алакөл жағалауына 1 миллионнан аса турист келіп демалған. Бұл көрсеткіш әлі де өседі. Себебі, шомылу маусымы жалғасуда. Ал былтыр көлге келіп демалған туристер саны 700 мыңға жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар