Қазақстандық 20 жоғары оқу орны Президенттік олимпиада жеңімпаздарына гранттар бөлді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық 20 жоғары оқу орны Президенттік олимпиада жеңімпаздарына арнайы білім гранттарын бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиаданың республикалық кезеңі жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша 15-18 қараша аралығында өтті. Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша 48 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. ҚР БҒМ I дәрежелі дипломдарымен — 11 оқушы, II дәрежелі

дипломдармен — 15 оқушы және III дәрежелі дипломдармен 22 оқушы марапатталды.

«Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының

тапсырмасы бойынша дарынды балаларды қолдау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Қазақстандық 20 жоғары оқу орны Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қолдауға ниет білдіріп,

оларға арнайы гранттар бөлді. Бұл олимпиада өткізу барысында дарынды балаларды көтермелеу үшін қолға алынған алғашқы теңдессіз шара. Мұндай қолдау дарынды балалардың әлеуетін іске асыруға және еліміздің адами капиталын дамытуға қомақты үлес қосуға мүмкіндік

береді. Сондай-ақ оқушылар ҚР БҒМ дипломдарын, медальдар мен қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алу сертификаттарын алды. Оқушыларымыздың нәтижелері ел ішіндегі, тіпті түрлі халықаралық олимпиадаларда да жақсарып келе жатқанын атап өткен

жөн», — деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

Естеріңізге сала кетейік, ХІV Президенттік олимпиаданың

республикалық кезеңі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтті. Зияткерлік байқауға еліміздің барлық өңірінен өңірлік және іріктеу кезеңдерінің нәтижесі бойынша іріктелген 182 оқушы қатысты. Оқушыларға

төрт пән бойынша тапсырмалар берілді: математика, физика, химия және биология.

Президенттік олимпиадаға қатысушылардың жұмысын Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының мамандары, халықаралық олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалады. Барынша

ашықтықты қамтамасыз ету үшін конкурс онлайн көрсетілді.

Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінегрант берген 20 жоғары оқу орнының тізімі:

1. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

2. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

3. Сәтбаев Университеті

4. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

5. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

6. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

7. Рудный индустриалдық институты

8. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

9. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

10. Павлодар педагогикалық университеті

11. Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

12. Нархоз

13. Қазақстан-Британ техникалық университеті

14. М. С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ университеті

15. Алматы Менеджмент Университеті

16. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

17. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

18. Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті

19. Каспий қоғамдық университеті

20. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


Соңғы жаңалықтар