+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Қазақстандық 17 жастағы студент бие сүтінен косметика шығарып жатыр

2020 жылғы 10 қыркүйек 10:31
Бөлісіңіз:
Қазақстандық 17 жастағы студент бие сүтінен косметика шығарып жатыр

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық 17 жастағы студент әлемде аналогы жоқ табиғи косметикалық өнім шығаруда.Даяна Мукинаның жобасының негізгі ерекшелігі - косметикаға сублимацияланған бие сүтін қосу, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернаты бітірген ол бүгінгі таңда Astana IT University оқу орнының бірінші курсында білім алады .


Жас кәсіпкер кофе скрабы, бетке арналған клинсер және бетке және денеге арналған гель шығарады. Барлық өнімдердің негізі - тек табиғи және пайдалы заттар. Косметика терінің барлық түрлеріне жарамды және оны ересектер де, балалар да қолдана алады.
«Бие сүтінің рh және адам терісінің рh өте ұқсас. Бұл теріні құрғақ немесе майлы қылмайды және ыңғайлы орта жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан косметика бетінде жаңа бөртпелер мен пиллингтің пайда болуына жол бермейді. Өнім практикалық гипоаллергенді. Құрамында иммуноглобулин және амин қышқылдары бар. Сауылмалыдан басқа, біз әртүрлі майларды, яғни кокос, карит, какао қосамыз. Олар қосымша күтім жасайды, ылғалдандырады және теріні нәрлейді. Ал бие сүті қабыну мен қышуды жеңілдететіп, құрғақ және сезімтал теріге нәзік күтім жасайды», - дейді Даяна Мукина.

Жас кәсіпкердің айтуынша, пандемияға байланысты сублимацияланған бие сүтімен қамтамасыз ететін компания уақытша жұмыс істемейді. Сол себепті сатылым уақытша тоқтатылды. Бірақ ол косметикаға қосатын сублимацияланған бие сүті қайтадан шыққан кезде жұмысты қайта жандандыратынын айтады.

«Бағалар өте қолжетімді. Мысалы, скраб 550 теңге, бетке арналған клинсер 500 теңге, ал гель 1200 теңге тұрады. Бастапқыдан мен косметиканы бюджеттік бағамен жасағым келді. Бұл идеям іске асты. Өйткені қымбат косметиканы сатып алуға көбінің жағдайы келе бермейді. Грантты жеңіп алғаннан кейін көптеген тапсырыстар түсе бастады. Бұл салада бәсекелестер бар. Алайда, сублимация қолданылатын косметиканың дәл осы түріне әлемде аналогы жоқ табиғи косметикалық өнім болып табылады, - дейді Даяна Мукина.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT