Қазақстандық 15 жасар спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Таушық ауылының тумасы Біржан Қабидолла чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионатында 65 мемлекеттен келген 1500 спортшы бақ сынаған. 15 жастағы Біржан Қабидолла 42 келі салмақта сынға түсті.

«Біржан Қабидолла алғашқы кездесулерінде Италия және Румыния елінің спортшыларынан басым түсті. Ал финалда Германия елінің спортшысын жеңді. Біржан өткен жылы осы неміс спортшымен кездесуінде ақтық сында есе жіберіп «күміс» алса, биыл дайындықты шыңдап алтыннан алқа тақты», дейді бапкері Азамат Абаев.

Чемпионатқа Маңғыстаудан 10 спортшы барған.

29 қазан күні басталған жарыс 8 қарашаға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар