+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қазақстандық 13 жасар әнші Италияның белді сыйлығына ие болды

2018 жылғы 21 қазан 00:16
Бөлісіңіз:
Қазақстандық 13 жасар әнші Италияның белді сыйлығына ие болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Қазақстандық 13 жасар қыз Италияның «Premio Mia Martini» атты белді вокалдық сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Premio Mia Martini» вокалдық байқауы италиялық атақты әнші Миа Мартинидің құрметіне 1995 жылдан бері оның туған қаласы Баньярада өткізіліп келеді. Конкурс 4 кезеңнен тұрады: кастинг, жартылай финал, радиофинал және гранд-финал. Телевизиялық байқау қатысушыларының жасы 4-тен 45-ке дейін. Гранд-финалдың тікелей эфирі, сондай-ақ Radio Medua жергілікті радиостансасында жүргізілді.

Қазақстандық жас әнші Аружан Ардақ аталмыш кезеңдердің барлығынан сүрінбей өтіп, ТМД елдерінен жалғыз финалист болды.

Аружан италия тіліне жартылай аударылған Рианнаның «Love on the brain» әнін орындады. Радиофиналда жанкүйерлер бұл әнді радиодан тыңдап, СМС арқылы дауыс берді. Байқаудан кейін жас дарынның Италияда көптеген жанкүйері пайда болды. Жартылай финал және гранд-финалда италиялықтар қазақстандық қыздың көз тартар сахналық киімдерін де ерекше атап өтті.

Аружан Ардаққа сыйлықты қала мэрі Марио Ромео табыстады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT