Қазақстандық 1 мың экспорттаушы шетел нарығына шыға алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында 1 мың қазақстандық экспорттаушы кәсіпкер сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы еліміздің Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шикізаттық емес экспортты ілгерілету бағытындағы жұмыс жалғасын табады. Экспорттық акселерация бағдарламасы шетелде кәсібін дөңгелетіп жүрген экспорттаушылардың мүмкіндігін арттырса, салаға енді келгендер үшін үлкен қолдау болады. Сондай-ақ, кәсібін ел көлемінен тыс жерде дамытқысы келген 1 мың белсенді экспорттаушының сыртқы нарыққа шығуға мүмкіндік жасалады. Және Alibaba, Amazon, OZON секілді ірі сауда платформасына отандық 350-ге жуық экспорттаушыны шығару жағы қарастырылып жатыр», - деді Әсет Ерғалиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар министр экспортпен шұғылданатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың тағы бірнеше тетігін атап берді.

«Олардың қатарында экспорттық қаржыландыру және сақтандыру. Экспорттаушылардың шығыны өтеу. Атап айтқанда, сауда алаңын жалға алуды төлеп беру, шетелдік сертификаттаудан өтуде сүйемелдеу, аккредитация, инспекция және тауарды шетелде жарнамалау. Одан бөлек, отандық экспорттаушылар шетелдік әріптестерімен өзара тәжірибек алмасып, серіктістік қарым-қатынас орнату мақсатында халықаралық түрлі іс-шараларға қатысатын болады», - дейді ол.

Оның айтуынша, аталған шаралар жүзеге асқан жағдайда шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге артып, 41 млрд АҚШ долларын құрайтын болады.

Бұған дейін Әсет Ерғалиев Ұлттық жоба аясында қазақстандық кәсіпкерлердің шетелде тағылымдамадан өтетінін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар