Қазақстанды алғашқы медальмен құттықтаймын - Юлия Галышева
- Жүлделі болуыңызбен құттықтаймыз!
- Рахмет! Маған жанкүйер болған барлық отандастарыма рахмет! Алғыс айтқым келеді. Осында жүрген сіздерге де разымын. Қазақстан қоржынына түскен алғашқы медаліміз баршамызға құтты болсын!
- Жүлде алатыныңызға сенімді болдыңыз ба?
- Шешуші финалдық сында қатты қорықтым. Қазір өз-өзіме сенбей тұмын. Қуанышымда шек жоқ. Негізі мен бақыттымын.
- Финалда соңғы қарсыласыңыз жарыс жолынан шығып қалды. Жағдай бұлай өрбімегенде қалай болар еді?
- Бірдеме айта алмаймын. Жарыста ең жаманы - төртінші орын алу. Төртінші орынды ағаш медаль дейді. Ондай орыннан бесінші орын алған әлдеқайда жақсы. Жалпы, қуаныштымын.
Еске салайық, бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында фристайлшы Юлия Галышева Қазақстан қоржынына тұңғыш медальды салды.
Үздік алты спортшының арасында алғашқы болып жарыс жолына шыққан спортшымыз 77,40 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған Олимпиаданың қола жүлдесін сыйлады.