Қазақстандан 260 мыңнан астам көлік жалған техникалық тексеруден өткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп көліктерді техникалық тексерудің жалған диагностикалық карталарын берумен айналысқан Ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Барлық ел аумағында жалған тұлғаларға тек «қағазда» ғана бар 28 фирма ресімделген.

Тіркелген мекенжайлар бойынша техникалық тексеру орталықтары болмаған, тиісінше, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қажетті техникалық жабдықтары, мамандары, жұмыс жасайтын орындары болмаған.

Қылмыстық топты Көлік комитетінің көліктік бақылау жүргізу және мұндай фактілерге жол бермеу міндеттері жүктелген лауазымды тұлғалары басқарған.

2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҰҚТ мүшелері іс жүзінде техникалық тексерусіз 260 мыңнан астам диагностикалық карта жасаған. Мұндай «қызмет» бір автокөлік үшін 5 минуттық уақытты және 2 мың теңгені қажет еткен.

Тергеу барысында бұл қызметтерге жүгінген автокөлік иелеріне де құқықтық баға беріледі.

Антикор қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу, сондай-ақ «формальді техникалық тексерулер» жүргізу фактілерін жоюға қатысты барлық шараларды қабылдайтын болады.


Соңғы жаңалықтар