Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 % төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың маусым айында Қазақстандағы жұмыссыздар саны 434,4 мың адамды құрады. Бұл жалпы еңбек күшінің 4,8% пайызы (осы жылдың мамыр айында - 4,9 пайыз), деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

2018 жылғы маусымның соңына ҚР жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 149,5 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халық санына шаққанда 1,7 пайыз деңгейінде.

Соңғы жаңалықтар