Қазақстандағы жұмыс күшінің 60% миллениалдар мен Z буын еншісінде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік экономикадағы құбылмалы жағдай және еліміздегі демографиялық өзгерістер ұлттық еңбек нарығына әсерін тигізуде. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл саладағы ең ірі өзгеріс – жұмыс күшінің жаңа легі пайда болуынан туындап отыр. Қазір 2000 жылдардан кейін дүниеге келген ұрпақ есейіп, ер жетіп келеді. Жыл сайын осындай 300 мыңнан астам жас еңбек нарығына қосылуда. Соның нәтижесінде жұмыс күшінің жаңа сапалық құрылымы қалыптасып жатыр. Бүгінде еліміздегі жалпы жұмыс күшінің 60 пайызы миллениалдар (1981-1996 жылғылар) мен Z (одан кейінгі) буынның еншісінде. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 пайызға жуықтағалы отыр», - деді Т. Дүйсенова Үкімет отырысында.

Осы үрдіс, қазіргі күрделі ахуал және алдағы ықтимал сын-қатерлер жұмыспен қамту саясатын қайта қарау қажеттігін көрсетіп отыр. Онда азаматтарды жай жұмыспен қамту емес, шын мәнінде сапалы жұмыс орнын беру арқылы халықтың табысын арттыру басты міндет болмақ.

«Бұл міндетті орындау үшін қазір жүзеге асырылып жатқан іс-шаралармен қатар, бірқатар жаңа бағыттар бойынша жұмысты жандандыру ұсынылады. Бірінші кезектегі мәселе – жастарды жұмысқа тарту. Бұл үшін ірі және орта кәсіпорындардағы бос жұмыс орындарына онлайн жәрмеңке өткізу арқылы жастарды еңбекпен қамтуды қолға алдық», - деді Тамара Дүйсенова.


Соңғы жаңалықтар