Қазақстандағы жүк тасымалының үштен бір бөлігі екі облыстың үлесінде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір жыл ішінде елдегі тасымал көлемі 7% артып, жүк айналымы 9% өскен. Жүк тасымалының үштен бір бөлігі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі, деп хабарлайды Ranking.kz">Ranking.kz сайты.

2018 жылғы қаңтар-шілде айларындағы жүк тасымалының көлемі бір жыл ішінде 6,7 пайызға көтеріліп, 2,2 млрд тоннаға жеткен. 2017 жылы бұл көрсеткіш 3,6 пайыз деңгейінде болған.

Көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айларында 333,6 млрд тонна-шақырымды құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 9,4 пайызға жоғары. 2017 жылдың сәйкес мерзімінде жылдық өсім деңгейі 7,6 пайызды құраған.

Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасы өңірлерінің арасында тасымал көлемі тек Павлодар облысында қысқарған. Ал Қарағанды облысы көлемі жөнінен көш бастап тұр. Өңірдегі тасымал көлемі 431,8 млн тоннаны құрады. Бұл былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 7 пайызға жоғары. Қазақстан бойынша үлесі сол қалпы, өзгеріссіз - 19,5 пайыз.

Келесі кезекте Шығыс Қазақстан облысы тұр. Бір жыл ішінде тасымал көлемі 9,4 пайызға өсіп, 324,5 млн тоннан құраған. Қазақстан бойныша үлесі 14,3 пайыздан 14,7 пайызға көтерілген.

Қостанай облысы бойынша бір жыл ішіндегі тасымал көлемі 3,2 пайызға артып, 161,8 млн тоннаны құрады. ҚР үлесі 7,6 пайыздан 7,3 пайызға қысқарды.

Соңғы жаңалықтар