Қазақстандағы жүк айналымы 9,5 пайызға өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың алғашқы алты айында Қазақстандағы жүк айналымы 281,861 млрд тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика минитсрлігі ститистика комитетіне сілтеме жасап.

Жалпы, есепті кезеңде бәрінен де темір жол көлігінің жүк айналымы 11,4 пайызға артқанын көруге болады. Ал құбыр жүргізу көлігінде 9,4 пайыз, автокөлік жүк айналымында - 6,4 пайыз өсім байқалады. Жүк тасымалдау көлемі 1,838 млрд тоннаны құрады (өткен жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 6,4 пайызға артқан).  

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында жолаушы айналымының көлемі 135,004 млрд жолаушы-шақырымды құрады (өсім - 5,5 пайыз). Автокөліктегі жолаушылар легі - 4,6 пайызға, темір жолда - 7,1 пайыз, әуедегі - 22,6 пайыз өсім көрсетті. Жарты жылда 11,12 млрд жолаушы тасымалданған.  

Соңғы жаңалықтар